Алматы облысындағы аудандардың біріне блок-бекет қойылды
Тоғыз блок-бекеттің әрқайсына полицейлер мен әкімдік қызметкерлері қойылған
12 сәуір күні Алматы облысының Көксу ауданында блок-бекеттер қойылды. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, сәуір айында коронавирус инфекциясының 128 жағдайы, наурыз айында 85 жағдайы тіркелген.
«Көксу ауданы бойынша КВИ жағдайының өсу қарқыны соңғы 2 аптада 1,6%-дан (29.03-04.04) 2,2% - ға (04.04 -11.04) дейін ұлғайды», - делінген хабарламада.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 12 жағдайы тіркелсе, өсім қарқыны 1,9% -ды құраған.
«Көксу ауданының короновирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның аудандық штабының шешімімен және Көксу ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 9 сәуірдегі №54 қаулысы негізінде ауылдық округтерге шығу/кіру жолында таңғы сағат 8-ден кешкі 20:00-ге дейін 9 блок-бекет орнатылған», - делінген хабарламада.
Блок-бекеттердің жұмысына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылды. Мұндай жұмыстар аудан аумағында коронавирустық инфекцияның одан әрі таратпау мақсатында атқарылып жатыр.