Алматының мониторингтік топтары өткен түні түнгі мекемелерден 250-ден астам адамды шығарды
Карантин шараларын бұзғандарға жалпы сомасы 170 млн теңгеден асатын айыппұл салынды
Алматыдағы түнгі мекемелердің жұмысын мониторингтік топтар анықтады: 250-ден астам адам шығарылып, айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Карантин шараларын бұзғаны үшін бизнес субъектілері мен жеке тұлғаларға жалпы сомасы 170 млн теңгеден асатын айыппұл салынды
Алматыда карантин шараларын бұзуды анықтау бойынша 40 мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Олардың құрамына аудан әкімдігінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
Жыл басынан бері мониторингтік топтар 12,5 мыңға жуық нысанды тексерді, карантиндік шаралар бұзылған 1426 нысан анықталды. Заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 172 млн теңгеге 2438 хаттама толтырылды. 28 қасақана бұзушыға қатысты сот қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.
Жұқтыру оқиғаларының көбейгеніне, сонымен бірге мутацияланған британдық және Оңтүстік Африкалық КВИ штаммдарының таралуына қарамастан, қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілері келушілер мен қызметкерлердің өмірлеріне қауіп төндіре отырып, эпидемиологтардың талаптарын бұзуда.
Мысалы, Алматы Медеу ауданының мониторингтік тобы сәуірдің 2-нен 3-не қараған түні Назарбаев даңғылы, 226 мекен – жайы бойынша "Bakard" түнгі мекемесіне (бұрын "Kowloon" деген атпен белгілі), Зенков көшесі, 13 мекен-жайы бойынша "Persona" түнгі клубына (бұрын "Cиний FunToMass" деген атпен белгілі) және Қармысов көшесі, 84а мекен-жайы бойынша "Тархун" кафесіне келушілерді шығарды. Мониторингтік топ келген кезде бірінші мекемеде шамамен 50 адам болған, екіншісінде – 40 адам.
Алмалы ауданында 2-нен 3-сәуірге қараған түні мониторингтік топ "Гоголь" түнгі мекемесінде 100 - ден астам келушілерді анықтады; "Лолита" мейрамханасында мониторингтік топ келген сәтте мекемеде 50 адам болған.
Бұл нысандар қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысын бұза отырып жұмыс істеген. Жұмыс режимін бұзумен қатар, адамдардың көп жиналуына тыйым салу, бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық сияқты эпидемиологиялық талаптардың сақталмауы тіркелді. Заңды және жеке тұлғаларға әкімшілік бұзушылық және айыппұл салу туралы хаттамалар толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, қалада күшейтілген шектеу шаралары қолданылуда. Көпшілік іс-шараларға, сондай-ақ бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің жұмысына тыйым салынған.