ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 6797 адамнан коронавирус анықталды

Дмитрий Баландин Қазанда өтіп жатқан жарыста жетінші орын алды

Қазақстандық спортшы Ресей чемпионатында бақ сынаған

фото: olympic.kz

Қазан қаласында өтіп жатқан жүзуден Ресей чемпионатында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден жеңімпаздар анықталды. Аталған сынға қазақстандық Дмитрий Баландин де қатысқан еді.

Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы жетінші орынға тұрақтады. Жеңіс тұғырынан кіл ресейліктер спортшылар көрінді. Кирилл Стрельников - алтын, Всеволод Занько - күміс, Владислав Герасименко қола жүлдегер атанды.

Бұған дейін Баландин брасс әдісімен 100 метрге жүзуден төртінші орын алды.

Дмитрий Баландин брасс әдісімен 200 метрге жүзуден Олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы.