ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

СҚО-ға Украинадан асыл тұқымды қара мал әкелінді

Шетелден әкелінген ірі қара мал талапқа сай 21 күн бойы карантинде болады

Солтүстікқазақстандық шаруашылық Украинадан 66 бас қара-ала голштин сиырын әкелді. Қара мал 12 күн бойы жол жүріп келген. Мамандардың айтуынша, Зеңгі баба түлегі біртіндеп жаңа ортаға үйренуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 

Әр тайыншаның құны шамамен 975 мың теңге. Жоба ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жүзеге асырылған. Арнайы жүк көліктеріне тиелген украиналық тайыншалар 12 күн бойы жол жүріп келген. Енді жаңа орынға ақырындап үйреніп жатыр.  

«Мал шаруашылығымен 2014 жылдан бастап айналысып келеміз. Қазіргі таңда шаруашылықта 200 ірі қара мал бар. Оның 100-і сауын сиыр. Биыл қара малдың санын көбейту мақсатында Украинадан 66 тайынша әкелдік. Бұл шетелден келген сиырлардың алғашқы партиясы ғана. Сәтін салса, мамыр айында тағы 36 қара малды жеткіземіз», - дейді  «ГЕРДТ В.В» шаруа қожалығының директоры Владимир Гердт. 

Шетелден әкелінген ірі қара мал талапқа сай 21 күн бойы карантинде болады. Қара-ала голштин тұқымды сиырлардың бір ерекшелігі тәулігіне 30 литрге дейін сүт береді екен. Шаруашылық асыл тұқымды 100 сиырды сатып алуға 64 миллион теңге жұмсаған. Оның 54 миллион теңгесін кәсіпкер 4% үстеме ақымен несиеге алған. Биыл жаз маусымында «Иван Зенченко» ЖШС де шетелден 350 ірі қара мал әкелмек. 

Аққайың ауданында соңғы үш жылда 3 заманауи сүт фермасы ашылып, шет елден 3 мыңнан астам ірі қара мал жеткізілген.  

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО