Қарағанды мен Талдықорған қалалары «қызыл аймаққа» енгізілді
Бұл қалаларда ауру жұқтыру деңгейі өсіп барады

29 наурыздан бастап Қарағанды мен Талдықорған қалалары «қызыл аймаққа» енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қарағанды қаласы «қызыл аймақта» енгізілді, ауру жұқтыру деңгейі өсіп барады. Сенбі және жексенбі күндері Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай, Шахан және Топар қалаларындағы қалааралық, облысішілік тұрақты жолаушылар тасымалы тоқтатылды. Қызметі жаңартылмаған нысандарға баруға тыйым салынады – бұл караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг орталықтары
Алматы облысының эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Талдықорған қаласы «қызыл» аймаққа кірді. Наурыз айының басынан бері қалада коронавирус жұқтырғандар саны 433 жеткен. Қаланың бас санитар дәрігері сәуірдің 1-15 аралығында карантин шараларын күшейту жөнінде шешім қабылдады. Бұл күндері облыс орталығындағы жұмысшы саны 20-дан асатын мекемелер мен ұжым қызметкерлерінің 70 пайызы онлайн форматта жұмыс істейді. Сондай-ақ барлық білім мекемелерінде оқыту қашықтықтан жүргізіледі. Демалыс күндері локдаун жарияланып, азық-түлік пен құрылыс материалдарынан басқа тауар сататын сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары жабылады.