ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1800-ден астам адамнан коронавирус анықталды

«Еуропа елдері вакцина экспортын жауып тастады» – Алексей Цой

Қарағанды фармацевтикалық зауыты 600 мың компонент вакцина өндірді

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқыны жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Вакцинация жоспарлы түрде жүргізілуде. Ол вакцинаның қолжетімділігімен байланысты. Мен вакцина саны туралы мәселе қашан көтерілетіні туралы түсіндіріп өткім келеді... Біздің нарықта бірқатар елде өндірілген бірнеше вакцина түрі бар. БАҚ-тағы ақпаратта айтылып жүргендей, вакцинаны өндіруші елдер алдымен өз халқын вакцинациядан өткізіп болмайынша, сыртқы нарыққа экспорттауға асықпайды. Мәселен, Еуропа барлық экспорттық жеткізілімдерді белсенді түрде жауып тастады. АҚШ ең алдымен өздерін вакцинациялайды. Яғни, әр өндіруші ел ең алдымен өздерін вакцинациялауға тырысады. Сондықтан нарықта және еркін сатылымда қолжетімді вакциналар жоқ. Бұл мәселеге тек Қазақстан ғана тап болып отырған жоқ», - деді Алексей Цой.

Министр мерзімінен бұрын іске қосылған Қарағанды фармацевтикалық зауытындағы өндіріс жөнінде айтты.

«Алғашқы доза - 600 мың компонент Қарағанды фармзауытында шығарылды. Қазір қосымша қауіпсіздікті сақтау үшін осы үлгілерді тексеру және Мәскеуге жіберу процедурасы жүріп жатыр. Сонымен қатар, сәуір айында шамамен 2,5 миллион доза шығарылады деп күтеміз.

Бұл ретте халық сақтықпен егіле бастағанын түсіну керек. Вакцинацияның бірінші тобы белгілі бір нәтиже берді. Адамдар вакцинаға сенді, қазір вакцина салдырғысы келгендер көп», - деді министр.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды вакцинациядан бас тартпауға шақырды. Ол вакцинация вирустың таралуын азайтудың жалғыз әдісі екенін атап өтті.