«Британдық» штамм Алматыдан өзге бірнеше өңірде анықталды

Әзірге ШҚО, Қостанай, Павлодар және СҚО-да вирустың «шетелдік» штамдары таралған жоқ

«Британдық» штамм Алматыдан өзге бірнеше өңірде анықталды

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Қазақстанда «британдық», «оңтүстік африкалық», «бразилиялық» штамдарға тән мутация ықтималдығын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Зерттеу нәтижелері бойынша, ықтимал ұлыбританиялық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық мутация елдің төрт өңірінен басқа барлық аймағында анықталды», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте.  

Айта кетерлігі, Алматы қаласында науқастардан үлгілердің ДНҚ учаскесін секвенирлеу нәтижелері бойынша, «британдық» және «оңтүстік африкалық штамдардың айналымы анықталды. Бұл инфекцияның кең таралуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ КВИ-ге 265 оң сынаманы толық геномдық секвенирлеу аяқталды, нәтижесінде 12-де «британдық» штамға тән мутация анықталды: Алматыда - 8; Ақтөбе облысынде – 3; Нұр-Сұлтанда – 1 жағдай, оның ішінде 8-і БАӘ мен Египеттен келген. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 30 наурыздағы дерегі бойынша, SARS-CoV-2 «британдық» штамы әлемнің 125 елінде, «оңтүстік африкалық» штамм 75 елде, ал «бразилиялық» вирус 41 елде анықталды.

Коронавирустың жаңа штамдары бастапқы штаммен бірдей негізгі белгілерге ие. Оның ішінде қызба, тұрақты жөтел және дәм мен иіс сезімі жоғалады. «Бразилиялық» штамм бастапқы COVID-19 штамына қарағанда оңай таралады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.