30.03.2021, 21:59
Жаңалықтар
Алматыда 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бұл формат оқу жылы аяқталғанша созылады
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Алматы қаласы қазіргі уақытта «қызыл» аймақта және эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Осыған байланысты, Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен 2020-2021 оқу жылының соңына дейін жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру шешімін қабылдады», - деді спикер.
Оның айтуынша, ата-анасының өтініші бойынша балалар саны 15 адамға дейін 1-ден 5-сыныпқа дейінгі, 9 және 11 (12) сынып оқушыларына кезекші сыныпта оқуға рұқсат беру туралы шешім шығарылды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды