$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2021, 22:59
Жаңалықтар

Қостанайдың бас дәрігері жаңа қаулы қабылдады

Облыста бірқатар карантиндік шектеу қойылды

Қостанайдың бас дәрігері жаңа қаулы қабылдады
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 4 ақпандағы № 5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID -19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыста бірқатар карантиндік шектеу қойылды.

1. 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында:

- Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту;

- сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сынып оқушысы үшін қалған жалпы білім беретін мектептерде аралас форматта оқыту;

- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушылардың сабақтан тыс уақытта жеке оқытылуына рұқсат берілді.

2. Көрермендер залын 20%-ға дейін толтыра отырып, Қазақстан чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат берілді.

Қаулы 2021 жылғы 5 сәуір сағат 00-00 бастап күшіне енеді. Қаулының толық нұсқасымен мына сілтемеарқылы танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары