ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Қызылордада соңғы бір аптада 8 той тоқтатылды

Қазіргі таңда Қызылорда облысы жасыл аймақта тұр

Қызылордада соңғы аптада карантин талабын сақтамаған отбасылық 8 той тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазіргі таңда Қызылорда облысы жасыл аймақта тұр. Өңірде карантин талаптары жеңілдетілген. Дегенмен Қызылорда облысы бас мемлекеттік санитариялық-дәрігерінің қаулысы негізінде өңірде бірқатар шектеу шаралары жалғасуда. Осы талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында қала және аудан әкімдіктерінің жанынан құрылған мониторингтік топ тұрақты жұмыс жүргізуде.

«Нәтижесінде облыс орталығында 22-28 наурыз аралығында 8 отбасылық той тоқтатылған. Оның ішінде, 7-уі мейрамханада өткізілсе, 1-уі жеке үйде болғаны анықталған. Бұдан бөлек, мониторингтік топтың бақылауы барысында 27 наурыз күні «Alen» кафесінде карантин талаптарының бұзылғаны анықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасын табады», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.