ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

БҚО-да 85 елдімекенді су басу қаупі бар

Қауіпті аумақтарда 40 мыңнан астам адам тұрады

Батыс Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болып тұр. Мамандардың айтуынша, егер жауын-шашын мөлшері бір тәулікте айлық нормаға жетсе, 85 елді мекенді су басуы мүмкін. Олардың қатарында Орал қаласының іргесіндегі ауылдар мен саяжайлар да бар. Қауіпті аумақтарда 40 мыңнан астам адам тұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тасқынға қарсы шаралар жүргізіп жатыр. Өзен-көлдердің бетіндегі мұз ери қоймаған. Бірақ өте жұқа, салдарынан Ақжайық ауданында каналдың үстімен өтпек болған 2 көлік суға түсіп кетті. Адамдар зардап шекпеді. Құтқарушылар мұндай мезгілде мұзбен жүрмеуді ескертеді. Облыста су жиналатын 55 гидронысан бар. Соның 15-і жөндеуді қажет етеді. Әзірге өзендерде судың арнасынан асуы байқалмайды. Алайда ресейлік мамандардың болжамынша, Жайықтың су деңгейі 4-5 метрге дейін көтерілуі ықтимал.

«Орал қаласындағы гидробекетке сүйенетін болсақ, бұл гидробекеттегі қауіпті судың деңгейі - 850 см. Сол 850 сантиметрдің 400-500-і алдын ала болжамға сәйкес келеді деп тұрмыз. Қазіргі таңда облысымыздағы өзендер қысқы режимде. Кейбір өзендерде мұздың үстінде су пайда болуы байқалады. Дегенмен де су деңгейі 1-2 сантиметрге көтеріліп тұр», - деді

Тегтер: