ШұғылКоронавирус пен КВИ пневмониясынан бір тәулікте 32 қазақстандық қайтыс болды

Алматыда кәсіпкерлер қатаң карантиннің ұзартылуына наразы

Қатаң карантинге байланысты Алматыда 50 мың кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылған

Бизнес өкілдері шектеу шаралары кәсіпті тұралатып, қаланың экономикасын құрдымға жібереді деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев індеттің үшінші толқыны басталғанын, сондықтан сақтық шараларын сақтау қажеттігін атап өтті. Бірақ шаһар толық жабылмайды. Алдағы уақытта Алматыдағы сауда орталықтарында вакциналау орталықтары ашылып, екпе науқаны қарқын алуы мүмкін. Қатаң карантин талаптарына байланысты Алматыда 50 мың кәсіпкерлік нысанның жұмысы тоқтатылған, немесе ішінара шектелген. Бұл 250 мың адамның жұмыссыз қалуына әкеліп отыр. Кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы

Максим Барышевтың айтуынша, шектеу шараларынан қоғамдық тамақтану орындары қатты зардап шеккен. Олардың кірістері 90 процентке азайған.

«Нақты сұрақ: Бизнестің жұмысына тыйым салған карантин шаралары қаншалықты тиімді? Мұндай шектеу шаралары шынымен де нәтиже беріп отыр ма? Меніңше, Бекшин мырза күткендей, ауру азайып жатқан жоқ», - деді қалалық кәсіпкерлер палатасы  аймақтық кеңесінің төрағасы Максим Барышев,