$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.03.2021, 04:43
Жаңалықтар

Түркістан облысында 4 мың полиция қызметкері жетіспейді

Облыста 2 жарым мың ғана тәртіп сақшысы бар

Түркістан облысында 4 мың полиция қызметкері жетіспейді
Фото: ашық дереккөзден

Халық саны 2 млн-нан асатын өңірде 2 жарым мың ғана тәртіп сақшысы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар әр полиция қызметкеріне жүктелетін міндеттің 2-3 есеге көп екенін айтады. Еліміз бойынша 100 мың тұрғынға шаққандағы полиция саны 386 болса, бұл көрсеткіш Түркістан облысында 185 адамды құрайды. Өңірдегі полиция департаментінің басшылығы үкіметтен штат санын көбейтуді сұрап отыр. 

Полиция департаментінің мәліметінше, Түркістан бөлек облыс болып шыққалы бері қызметкерлер саны екі есеге азайып кеткен. Сенат депутаты Әли Бектаев та Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында осы мәселені көтерген болатын.

«Өкінішке орай облыстағы полиция қызметкерлерінің жалпы саны нормативтерден әлдеқайда төмен. Әр қызметкердің жүктемесі 2-3 есеге жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы полиция қызметкерлерінің саны республика бойынша 386 болса, Түркістан облысында – 185. Бұ ең төменгі көрсеткіш. Тіпті халқы саны жағынан Түркістан облысынан екі есе аз облыстарда полиция қызметкерлерінің саны 2 есе көп. Ондай фактілерде бар», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары