$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.03.2021, 05:55
Жаңалықтар

14 наурыз күнгі ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

14 наурыз күнгі ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» синоптиктері 14 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі.

Қазақстан аумағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарында тұрақсыз ауа райы сақталады: кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болып, жел күшейеді. Республиканың қалған өңірлерінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түседі.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, бұрқасын. Желдің күші 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде жел екпіні - 20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ пен боран соғады. Ж ел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Серіктес жаңалықтары