ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің жартысына жуығында жеделсатылар ескірген

Кейбірінің жұмыс істемей тұрғанына ондаған жылдар өткен

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде көпқабатты үйлердің жартысына жуығында жеделсатылар ескірген. Тіпті кейбірінің жұмыс істемей тұрғанына ондаған жылдар өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңарту жұмыстарының нақты қашан басталары әзір белгісіз. 100 лифтті ауыстыруға бюджеттің қыруар қаржысы қажет. 8-қабатта тұратын Зоя Данабекова сыртқа шығу үшін тек баспалдақпен ғана жүріп өтеді. Себебі бұл үйдегі жедел сатының жұмыс істемей тұрғанына 20 жылдан асқан. Көршілерімен бірге ортақ мәселелерін айтып, тиісті мекемелерге талай шағым түсіргенімен еш нәтиже болмапты. Ал қартайған шағында мініп-түсу оңай болмай тұр.  

Жалпы қала бойынша 302 көп пәтерлі тұрғын үйде 600 жедел саты жұмыс істеп тұр. Мамандардың мәліметінше, шамамен оның жартысына жуығының қызмет өту мерзімі өткен. Ал жаппай жаңарту ісі алдағы жылдары қалыпты жүреді деген үміт бар. Себебі қазір қалада бір түрік компаниясы лифт құрастыру зауытын салуға келіскен көрінеді.

Тегтер: