ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Нұр-Сұлтан бас санитарының жаңа қаулысы шықты

ХҚО жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін істейді

Фото: ашық дереккөзден

Елордада карантин шаралары біршама жеңілдеді. Оған Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сарқыт Бейсенованың елордада шектеу және карантин шаралары туралы №8 қаулысы сеп болмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Аталған қаулыға сәйкес, ХҚО жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда, қатаң түрде алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» тelegram-ботпен брондау арқылы, «Қазпошта» АҚ жұмысын онлайн режимінде көрсетілмейтін қызметтер бөлігінде күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеу, жексенбі күндері жұмысына тыйым салумен ұйымдастыруға рұқсат беріледі. ю

Жеке медициналық орталықтардың, клиникалардың, стоматологиялардың жұмысын қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ұйымдастыруға болады. Серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтамасы болған кезде серіктестік босануды жүргізуге рұқсат болады. Студенттер немесе жоғары оқу орындарына/колледждерге баратын қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының бір жағдайы тіркелген кезде инкубациялық кезең аяқталғанға дейін факультеттің/бөлімшенің карантинге жабылуы қамтамасыз етіледі. Меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтардың жұмысын әр топта 15 баладан артық емес етіп толтырумен, жаңа кезекші топтарды ашуға тыйым салумен, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық, карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 07:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс кестесін белгілеп, демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастырылады. 

Бизнес-орталықтардың, іскерлік үйлердің, сондай-ақ оларда орналасқан адвокаттардың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің қызметін көрсету объектілерінің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының, туроператорлардың, азық-түлік емес тауарларды және тағы басқа сату жөніндегі бутиктердің (бөлімдердің) жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмысшылардың кемінде 50 пайызын қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауыстыруды қатаң түрде сақтай отырып, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастыруға болады.