Атырауда 4 күнде 70-тен астам әйел отбасынан зорлық көрген
Былтыр 800-ден астам әйел күйеуінен қорлық көрген
Атырауда отбасылық зорлық-зомбылық азаймай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Былтыр 800-ден астам әйел күйеулерінен қорлық көрсе, ал биыл небәрі 4 күнде 70-тен астам әйел адам құзырлыларға шағымданған. Шарасыз күй кешкендер арнайы орталықты паналауға мәжбүр.
«Он жылдың ішінде дарға асып тастауға дейін барды. Балаларыма кішкене көрсетпейтін. Шыңғырып жылап жатқанымды көреді. Соңғы жағдайды көрді. Әдейі есікті ашып жібердім. Көрсін деп балалар. Өйткені ол балалардың алдында сүйкімді әке. Мені бөлмеге кірігізіп алып, балалар ұйықтап жатқан кезде тиіседі», - дейді Атырау қаласының тұрғыны.
Полиция жуырда «Тұрмыс» іс шарасын өткізіп, 4 күнде 70-тен астам әйелдің отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын анықтаған.
Егер ер азамат әйеліне қол көтеруі қайталанған жағдайда қамаққа алу күні 20 күнге дейін ғана ұзарады екен.