29.11.2019, 17:39
Жаңалықтар
ҰҚК: Каспийде қара уылдырық бизнесін жолға қойған шенділердің қылмысы әшкереленді
Мемлекетке келген зиян 320 миллион теңге
ҰҚК Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы мемлекеттік кәсіпорнының лауазымды қызметкерлерін ұстады. Тергеу материалдарына қарағанда, күдіктілер бекіре балықтарының тұқымдарын аулап, уылдырығын сатумен айналысыпты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың емін-еркін браконьерлік жасауына көмектескен.

Мемлекетке келген зиян 320 миллион теңге. Айналымнан 1. 100 келі бекіре тұқымдас балық пен 17 келі қара уылдырық алынды.
Күдіктілерге қатысты «Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану» және «Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
06.11.2026, 08:22
Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды