$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2019, 18:45
Жаңалықтар

Алматыда 89 құрылыс компаниясы лицензиясынан айрылды

Олар енді 6 ай бойы құрылыс жұмыстарымен айналыса алмайды

Алматыда 89 құрылыс компаниясы лицензиясынан айрылды
Фото: ашық дереккөзден

Лицензиялары уақытша тоқталыған компаниялар өздеріне берілген мерзім аралығында жұмыс істеудің жаңа тәртібіне көшулері тиіс, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қадағалаушы органдардың қатал шешім қабылдауына алпауыт құрылыс компанияларының жұмысқа деген жауапсыздығы себеп болған. 

Ведомствоның  мәліметінше, бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша 818 нысан заңды түрде салынып жатыр. Олардың 263-і - бюджеттік, 555-і - жекеменшік. Бұдан бөлек, рұқсатсыз салынып жатқан 61 құрылыс нысаны анықталған. Бақылаусыз, жобалық құжаттамасыз бұл құрылыстардың сапасы күмәнді дейді «Сапа-2019» саммитін ұйымдастырушылар. 

«Өкінішке қарай, бізде құрылыс жұмыстарының сапасы да, құрылыс компаниялары қызметкерлерінің біліктілігі де төмен. Бүгінде мемлекет құрылыс саласындағы бақылау функцияларын заңнамалық түрде авторлық және техникалық жағынан бекітіп берді. Оларға сенім білдірді әрі үлкен жауапкершілік жүктеді. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, техникалық тексерулердің ай сайынғы есептеріндегі ақпаратты теріс береді және орын алған заңсыздықтарды көрсетпейді», - деді Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбеков.

Тапсырыс алған мердігер мекемелерде құрылыс сапасына салғырт қарайды. Бақылау басқармасының мәліметінше, құрылысты салушылар ғана емес, жобалық және техникалық тұрғыдан қадағалаушылар да немқұрайлы қарайды. Жыл басынан бері 1066 әкімшілік  хаттама толтырылған. Ақыры айыппұлдан нәтиже шығармаған 89 компанияның лицензиясы мен 6 техникалық қадағалау орталығының сертификаттарын жарамсыз деп тапқан.

«Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, құрылыс сапасын жақсарту үшін ведомство олардың форматын өзгертуді ұсынды. Қадағалау, атап айтқанда есептің мазмұны мен нысаны, оны беру тәртібі де өзгереді. Есеп қала құрылысы органына да, құрылысқа тапсырыс берушіге де ұсынылады. Сондай-ақ, ғимараттың сапасын қатаң қадағалау үшін құрылысқа қатысушылармен тұрақты жиындар өткізу шешімі қабылданды. Бұл құрылыс сапасы мен жауаптылардың тәртібін жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Қазақстандағы алпауыт құрылыс компанияларының саммитінде сөйлеген басқарма басшылары. 

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары