$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2019, 15:23
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында үлкен айналма жол ашылды

Айналма жолдың ұзындығы 34 шақырымды құрайды

Нұр-Сұлтан қаласында үлкен айналма жол ашылды

Салтанатты іс-шара барысында Премьер Министр Асқар Мамин автожолдардың құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстарында қолданылатын жаңа технологиялар мен материалдар ұсынылған ашық экспозициялармен танысты. Сөз соңында батырманы басып, Нұр-Сұлтан қаласының үлкен айналма жолындағы көлік қозғалысын ашты.

Айта кетейік, «Нұр-Сұлтан қаласының үлкен айналма жолы» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын 2017 жылдың желтоқсан айында «СиньСин» КГК КФ және «ҚазГерСтрой» СП» ЖШС құрылыс консорциумы бастаған.

Қайта жаңарту жұмыстарынан кейін тас жол І техникалық санатқа келтіріліп, ені 7,5 метрді құрайтын толық 4 жолақты автожол болады.

Айналма жолды қайта жаңарту жұмыстары күрделі инженерлік жобалардың бірі. Оның құрамына 4 жол айрығы мен 3 көпірдің құрылысы кіреді. Онда 000-нан астам  маман жұмыс істеді. Нәтижесінде елорданың көлік жүйесінің жүктемесі азайып, жолаушылардың уақыты үнемделеді. Сондай ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы экологиялық жағдайға да игі әсері тиеді деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары