29.11.2019, 13:39
Жаңалықтар
Алматылықтардың орташа жалақысы – 220 мың, Сағынтаевтікі – 760 мың теңге
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев елордалық журналистерге айлық жалақысының қанша екенін айтып берді
Фото: informburo.kz
Мегаполис басшысы басқа әкімдерімен шамалас жалақы алады екен.
«Жалақым басқа әкімдердің жалақысымен бірдей шығар, менің айлығым шамамен 950 мың теңге. Табыс салығы мен әлеуметтік салықтың көлемін білесіздер ғой, соны есептегенде қолыма 750-760 мың теңге айлық аламын. Бұл сома айдағы жұмыс күндердің санына байланысты», - деді Сағынтаев журналистерге.
Алматы басшысы брифингтегі баяндамасында алматылықтардың орташа жалақысы 220 мың теңге екенін айтты. Әкімнің дерегіне сүйенсек, қалада ресми тіркелген 1 млн 800 мыңнан аса адамның 1 миллионнан астамы пен қамтылған.
Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
29.08.2026, 07:23
Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
29.08.2026, 08:31
Алматыдағы кафеден өрт шықты: құтқарушылар 15 адамды эвакуациялады
29.08.2026, 20:31
Үсік, нөсер және қатты жел: 30 тамызда ауа райы бұзылады
29.08.2026, 15:20
30 тамыз күні ауа райы қандай болады