$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2019, 14:27
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда жүргізушілерге 6 млрд теңге айыппұл салынды

Бүгінде астана көшелерінде 6183 «Сергек» камерасы орнатылған

Нұр-Сұлтанда жүргізушілерге 6 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: sputniknews.kz

Қазақстанда 2017 жылдан бері IT және қауіпсіздік саласындағы алғашқы «Сергек» мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобасы басталып, қазіргі уақытта сәтті іске асырылып келеді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде осы жобаның жұмысы талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгінде елорда көшелерінде 6183 «Сергек» камерасы орнатылған. Оның бәрі көлік жүргізушілерінің тәртіп бұзғанын, сондай-ақ логистиканы қадағалайды. Олар астана көшелерінің 400 қиылысында және 300 желілік учаскелерінде орнатылған», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

Оның айтуынша, бейнебақылау камералары көліктердің жылдамдығын шамадан тыс асырғанын, автобустарға арналған арнайы Bus lane жолақшаларына шығып кеткенін, сол сияқты стоп сызықшаларынан асып кеткенін қадағалайды.

«Жыл басынан бері «Сергек» арқылы жүргізушілердің 1 млн 219 жол ережесін бұзғаны анықталды, жалпы айыппұл көлемі 6 млрд 784 млн теңгені құрайды. Қазір бұл соманың 86 пайызы өтелді», – дейді Елжан Чупеков.

Елжан Чупеков жол ережесін бұзған жүргізушілерге SMS арқылы хабарландырылатынын тілге тиек етті. Сол сияқты айыппұл белгіленгенін қосымша сайт арқылы да білуге болады.

Серіктес жаңалықтары