ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда облыстық мәслихат депутаты ұсталды

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр 

Фото: newskaz.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Стар Тайм» ЖШС-нің коммерциялық директоры - Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Ол Ақтөбе облысында кепілде тұрған элеватордың ақысын төлеу кезінде «ҚазАгро» Холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарушы директорына кәсіпкерге тиесілі 20 миллион теңгені ұрлауға жәрдем берді деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.      

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде. Кінәнің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Бұрын хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ҚР АШМ «ҚазАгро» Холдингінің «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарушы директоры – Басқарма мүшесіне қатысты тергеу жүргізген. 

Күдікке ілінген депутат Асқар Болатов «Құрмет» Орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан мәслихаттарына 20-жыл» (2014 ж.) мерекелік медальдарымен марапатталған. Ақтөбе облыстық мәслихатының VI шақырылымының депутаты.