$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2021, 15:54
Жаңалықтар

Ыстанбұлдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

БАӘ арқылы Алматы қаласына ұшып келген Түркия азаматы депортацияланды

Ыстанбұлдан ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды
көрнекі фото: zakon.kz

9 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1 769 қазақстандық жолаушы келді. Олардың ішінде 1 522 жолаушыда теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, 247 жолаушыда тиісті анықтама болмаған.

Оның ішінде:

  • Алматы әуежайына - 8 рейс (1 084 жолаушы, анықтамамен - 879, анықтамасыз – 205);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына - 4 рейс (483 жолаушы, анықтамамен - 455; анықтамасыз – 28);
  • Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс (202 жолаушы, анықтамамен - 188; анықтамасыз – 14).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-тест тапсырды және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 8 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 229 адамның арасынан Ысанбұлдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, БАӘ арқылы Алматы қаласына ұшып келген Түркия азаматы ПТР-анықтамасы мерзімінің өтіп кетуіне байланысты депортацияланды.

Серіктес жаңалықтары