$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.01.2021, 16:04
Жаңалықтар

Тәуелсіз бақылаушы: «Аязда дауыс беруге ешкім келмейтін шығар деп ойлаған едім»

Бақылаушы көрген-білгенін баяндады

Тәуелсіз бақылаушы: «Аязда дауыс беруге ешкім келмейтін шығар деп ойлаған едім»
көрнекі фото

Нұр-Сұлтан қаласындағы №335 учаскеде алғаш рет тәуелсіз бақылаушы болып жүрген Индира Егембердиева Azattyq Rýhy тілшісіне Нұр-Сұлтан қаласындағы Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау қалай жүріп жатқаны туралы айтты.

«Мен алғаш рет сайлауға тәуелсіз бақылаушы ретінде қатысып отырмын. Жасым 31-де. Шынын айтсам, астананың қақаған суығында көп ешкім сайлауға келе қоймайтын болар деп ойлағанмын. Бірақ, бұл пікірім қате болып шықты (күліп). Халықтың белсенділігіне риза болдым, таңнан бері учаскеде сайлаушылар қатары үзілген жоқ. Халықтың көпшілігі мерекелік көңіл-күймен келіп жатыр», - деді бақылаушы.

«Қоғамдағы өзгерісті әркім өзінен бастау керек» деген Индира осы жолы сайлаудың қалай өтетінін өз көзімен көрмек болған. Сол үшін ол «Даму» қауымдастығы атынан сайлауда тәуелсіз бақылаушы болуға келіскен.

«Еліміз үшін ең үлкен саяси науқанның біріне атсалысуды азаматтық борышым деп санаймын. «Сайлау әділетсіз өтті» деп үйде отырып сынға алғаннан, осы процеске қатысып, оның расымен де әділ өтуіне үлес қосқаным дұрыс деп шештім. Ұйымдастыру жағы көңілімнен шықты. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Ең бастысы, әркім өз болашағы үшін таңдау жасап жатқанын түсінуге тиіс», - деді Индира Егембердиева.

Серіктес жаңалықтары