Атырауда Сайлау есімді қыз бала дүниеге келді

Өңірде бүгін түске дейін 12 нәресте, оның ішінде 5 ұл, 7 қыз бала дүние есігін ашты

 

Атырауда Сайлау есімді қыз бала дүниеге келді
Фото: ашық дереккөзден

Сайлау күні Атырау олысында түске дейін 12  нәресте, оның ішінде 5 ұл, 7 қыз бала дүние есігін ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Прикаспийская коммуна» басылымына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа босанған аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы.

Дәрігерлер сондай-ақ бүгін дүниеге сәби әкелген аналардың бірі, Атырау облысының тұрғыны қызының есімін еліміз үшін аса маңызды бүгінгі күнмен байланыстырып қойғанды жөн көргенін жеткізді.   

«Біз отбасымызда балаларға ерекше, мағыналы есім беруді дәстүрге айналдырғанбыз. Мысалы, үшінші қызымыздың атын Құралай деп қойдық, ол көктемгі «құралайдың салқыны» кезінде, киіктер төлдейтін уақытта дүниеге келген. Ал бүгін, дәл сайлау күні өмірге келген төртінші қызымыздың есімі Сайлау болатынына еш күмәніміз болмады, біз бұл есімді бәріміз үшін маңызды осы күнмен байланыстырып қойғанды дұрыс көрдік», - дейді нәрестенің анасы.   

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.