ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Бауыржан Байбек сайлауда дауыс берді

Елімізде бүгін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары, партияның республикалық сайлауалды штабын басқарған Бауыржан Байбек Қазақстанда өтіп жатқан Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.

«Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс бердім», - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы басталды. Дауыс беру 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өтіп жатыр.

10 қаңтар сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 28,8 пайызы алды. Олардың ішінде: Ақмола облысы – 26,6, Ақтөбеде облысы – 25,6, Алматы облысы – 28,5, Атырау облысы – 29,8, Батыс Қазақстан облысы – 32,2, Жамбыл облысы – 32,1, Қарағанды облысы – 33,5, Қостанай облысы – 30,1, Қызылорда облысы – 28,9, Маңғыстау облысы – 23,7, Павлодар облысы – 33,1, Солтүстік Қазақстан облысы – 34,2, Түркістан облысы – 33,1, Шығыс Қазақстан – 29,9, Нұр-Сұлтан қаласы – 24,2, Алматы қаласы – 15,7, Шымкент қаласы – 34,1 пайыз.