Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жарияланды
Бүгін Қазақстанда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
Сағат 12:00-ге дейінгі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін дауыс берушілердің 28,8 пайызы алып үлгерді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті брифингінде мәлім болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың сайлау комиссиясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, елорда уақытымен 12:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың 28,8%-ы алды.
Сағат 12:00-ге дейін дауыс беруге келген сайлаушылардың пайыздық үлесі төмендегідей:
Ақмола облысы бойынша – 26,6 %
Ақтөбе облысы бойынша – 25,6 %
Алматы облысы бойынша – 28,5 %
Атырау облысы бойынша – 29,8 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 32,2 %
Жамбыл облысы бойынша – 32,1 %
Қарағанды облысы бойынша – 33,5 %
Қостанай облысы бойынша – 30,1 %
Қызылорда облысы бойынша – 28,9 %
Маңғыстау облысы бойынша – 23,7 %
Павлодар облысы бойынша – 33,1 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 34,2 %
Түркістан облысы бойынша – 33,1 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 29,9 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 24,2 %
Алматы қаласы бойынша – 15,7 %
Шымкент қаласы бойынша – 34,1 %
Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де және 20.00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 22.00-де ұсынылады.
Айта кетейік, Бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.