$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 21:27
Жаңалықтар

Төреғали Төреәлі түлкі емес, шибөрі өлтірген

Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

Төреғали Төреәлі түлкі емес, шибөрі өлтірген

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне азаматтардан әлеуметтік желідегі суреттегі аң түлкі екені жазылған хаттар келіп түсті. Аң аулау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына сәйкес, түлкіні 1 қараша мен 15 ақпан аралығында  аулауға рұқсат етілген. Алайда бұл суретте шиебөрі бейнеленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Шиебөрі аңы саны реттелуге жататын жануарлар түріне жатады. Алматы облысы аумағында 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін шибөрінің 377 дарағын аулауға ғылыми негіздеме берілген. Яғни, аң аулауға рұқсат қағазы болса және өңірлік аңшылық шаруашылық ұсынған лимиттерге сәйкес келсе, оны жыл 12 ай аулауға болады. 

Дегенмен мұндай суреттердің жариялануын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жануарларға зорлық-зомбылықты насихаттау деп есептейді. Қазіргі уақытта Алматы облысының Полиция департаменті жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша департамент құқықтық баға береді.

Серіктес жаңалықтары