06.01.2021, 22:29
Жаңалықтар
Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда аяз болады
Фото: tengrinews.kz
Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус қатты аязсақталады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде 37 градус қатты аяз болжанады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Түнде жекелеген аумақтарда 25 градус аяз тұрады.
7 қаңтарда Шымкент қаласында кей уақытта тұман күтіледі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың батыс бөлігінде көктайғақ болады.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
