$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 18:23
Жаңалықтар

Пандемия басталғалы Атырау облысының бас санитар дәрігері 8 рет ауысты

Облыста жаңадан бас санитар дәрігер тағайындалды

Пандемия басталғалы Атырау облысының бас санитар дәрігері 8 рет ауысты
Мәдениет Танауов, фото: kursiv.kz

Бүгін, 6 қаңтарда Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып Мәдениет Танауов тағайындалды. 

М.Танауов 1971 жылы туған, 1997 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ді (санитариялық-гигиеналық факультет) бітірген. Осы тағайындауға дейін ол Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеді.

Еңбек жолын 1997 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық дезинфекциялық станциясының дәрігер-эпидемиологі болып бастады. 1999 - 2016 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасында коммуналдық гигиена бөлімінің санитарлық дәрігері, бөлім меңгерушісі, Зеленов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрігері қызметтерін атқарды.

Одан бұрынғы санитар дәрігер Амантай Жұмағалиев бұрынғы қызметі - Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымына оралды.

Еске салайық, бұл Атырау облысында COVID-19 пандемиясы басталғалы тағайындалған сегізінші бас санитар дәрігер.

Серіктес жаңалықтары