$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2020, 16:54
Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігіне қарасты гарнизонның лауазымды тұлғалары жемқорлық қылмысы үшін сотталды

Бөлім басшысы 9 жылға, оның орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Қорғаныс министрлігіне қарасты гарнизонның лауазымды тұлғалары жемқорлық қылмысы үшін сотталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті пара алған Семей гарнизоны эксплуатация бөлімінің бастығы мен оның орынбасарына қатысты қылмыстық істің аяқталғанын хабарлады. 

«Алдын ала сөз байласқан олар кәсіпкер мен ҚР Қорғаныс министрлігі «Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету бас басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының келісімшарты аясында 57,4 млн теңге сомасына болат сым жеткізудің орындалған жұмыстар актілеріне қол қою үшін 1,8 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен болатын», - делінген департамент хабарламасында.

Семей гарнизоны Әскери сотының үкімімен бөлім бастығы 9 жылға, ал оның орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ айыпталушылар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары