Шымкент қалалық маслихаты депуттатығына үміткерлер «Рахат Шымкент» ЖШС ұжымымен кездесті
Мәжіліс пен мәслихаттардың сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді

Бүгін Шымкент қалалық маслихаты депутаттығына үміткерлер Марат Сейтов, Қуандық Сұлтанғали және Жасмин Ашимова «Рахат Шымкент» ЖШС ұжымымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен және партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын ұжымға таныстырды.
Жиында ұжым қызметкерлері көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Атап айтсақ, кездесуге келген қала тұрғындарды инфрақұрлым, қоғамдық көлік мәселесі, электр жарығы, сонымен қатар жол мәселесі бойынша кездесіп жатқан қиындықтарын жеткізді. Өз кезегінде үміткерлер бұл мәселер алдағы уақытта шешімін табатынын айтты.
Айта кетейік, Қалалық сайлау комиссиясында 60 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелген. Оның ішінде 51 адам – праймериз жеңімпазы болса, 9 адам – партия филиалының квотасы бойынша тіркелген.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді