$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2020, 00:48
Жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы шошқа фермасына 7 млрд теңге айыппұл салынды

Бұған дейін ауыл тұрғындарды ферманы жабуды талап еткен еді

Ақтөбе облысындағы шошқа фермасына 7 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына 7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұны аймақтағы экология департаменті растады, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Ферма қоршаған ортаға келтірген шығынын осылай өтеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерге заң бұзушылықтарды жоюға уақыт берілген. Егер ол талаптарды орындамаса сот арқылы серіктестіктің жұмысын тоқтату мәселесі қаралмақ.

Оқи отырыңыз: «Ақтөбедегі шошқа фермасы жабылмауы мүмкін: халық тағы наразылық білдірді»

«7 млрд теңге шығын есептеліп отыр. Айыппұл бір ай ішінде заң бойынша бюджетке түсуі керек. Уақытында орындалмаған  жағдайда  әрі қарай сот арқылы өндіріп алу шараларын қарастырамыз», - деді Ақтөбе облыстық Экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында тұрғындар шошқа фермасын жабуды талап еткен еді.

Серіктес жаңалықтары