$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2020, 23:55
Жаңалықтар

Алтай Көлгінов өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды

Жеке тұрғын үй секторында 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды

Алтай Көлгінов өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды
Фото: astana.gov.kz

Алтай Көлгінов ТЖМ министрі Юрий Ильинмен өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын бақылауды күшейту мәселесін талқылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі өзінің «Instagram» парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін ТЖМ министрі Юрий Ильинмен өрт қауіпсіздігі шараларының, пеш жабдықтары мен газ баллондарын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды күшейту талқыланды. Сондай-ақ, елордалық Төтенше жағдай департаментін материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері талқыланды. Қалада өрт қауіпсіздігі айлығы аясында 16 мыңнан астам үй тексерілді, оның ішінде жеке тұрғын үй секторында 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталып, бақылауға алынды», - деп жазды қала әкімі.

Оның айтуынша, газ баллондарын пайдаланылатын объектілерді жоспардан тыс тексеру үшін ведомствоаралық комиссия құрылды. Топ мүшелері газ баллондарын қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану бойынша нұсқама өткізеді. 

«2,5 апта ішінде мамандар 100 нысанды тексерді. Бұл газ баллондарын пайдалануды бұзған жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығына ықтимал қауіп төндіретін объектілер. Аталған жұмыс тобына ТЖД, ПД, тұрғын үй инспекциясының, аудандық әкімдіктердің, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің және т. б. өкілдері кіреді. Тұрғындар да, кәсіпкерлер де барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндірмеуі керек», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Серіктес жаңалықтары