$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2020, 01:51
Жаңалықтар

Алматыда 10 айдың ішінде 13 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді

Тұрғын үй құрылысы өткен жылғы көрсеткіштен 24 % жоғары

Алматыда  10 айдың ішінде 13 мыңға жуық пәтер пайдалануға берілді

Алматыда «шетсіз қала» тұжырымдамасының аясында мегаполистің жаңадан қосылған аудандарының әлеуметтік және баспаналық нысандары бой көтеруде.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов толығырақ  айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалада тұрғын үй құрылысының қарқыны карантин мен эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жоспарланған деңгейде қалды. Сонымен қатар, олар өткен жылғы көрсеткіштерден асып түсті», - деп мәлімдеді А.Ахмеджанов. 

Басқарманың деректеріне сәйкес, 2020 жылы 2 396 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 2020 жылғы қаңтар – қазан кезеңінде пайдалануға берген тұрғын үй саны 1 609 мың шаршы метрді немесе 12 925 пәтерді және 1 722 жеке тұрғын үйді құрады. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен – 8,6 мың шаршы метр немесе 120 пәтер (2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103,6% - 1 552 мың м2).

2020 жылдың соңына дейін 785 мың шаршы метр немесе 8,5 мың шаршы метрден астам аумақты пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы алғанда, жыл соңына қарай 2 604,9 мың шаршы метр немесе 25 007 пәтер және 2 110 жеке тұрғын үй пайдалануға беріледі (2019 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда өсім 124%).

Серіктес жаңалықтары