2021 жылдан бастап Өскеменде жол ақысы электронды түрде төленеді
Карта алып үлгермегендер жүргізушіге ақша төлеп, билет ала алады
Өскемен қаласы жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы электронды билеттендіру жүйесін 2021 жылдың 1 қаңтарында іске қосуды жоспарлап отыр, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
«Жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап автобустар мен трамвайларда жол ақасы валидатор арқылы көлік картасынан алынады. Ал карта алып үлгермегендер қолма-қол ақшаны қоғамдық көліктің жүргізушісіне беріп, бір реттік қағаз билет алады. Барлық жеңілдіктер онлайн төлем жасалған кезде күшіне енеді», - деп жазылған ақпаратта.
Қолма-қол ақшамен төлем жасаған оқушы да, зейнеткер де билеттің толық құнын төлейді. Сол себепті қала тұрғындары түгел 1 қаңтарға дейін Oskemencard карталарын алып үлгеруі тиіс.