Нұр-Сұлтанда екі күнде 23 жүргізуші масаң күйде ұсталды

Полиция «Мас жүргізуші-қылмыскер!» деген рейд жүргізіп жатыр 

Нұр-Сұлтанда екі күнде 23 жүргізуші масаң күйде ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Елордада екі күннің ішінде алкогольдік масаң күйде 23 жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Тәртіп сақшылары сенбіге қараған түні Жұмабаев көшесінде BMW маркалы автокөлігін тоқтатты.  Құжаттарды тексеру кезінде 25 жастағы жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Жүргізуші жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған. Оның көлігі коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік соттың шешімімен мас күйде рөлге отырған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды. Ол көлік және көлік құралын жеті жылға басқару құқығынан айырылды», - деп жазылған ақпаратта.

Айта кету керек, апатты жағдайды төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында елордалық полиция «Мас жүргізуші-қылмыскер!» деген рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.