$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2020, 23:26
Жаңалықтар

Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі

Қаулы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді

Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі
Фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында карантин талаптары жеңілдетіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова жаңа қаулыға қол қойды. Қаулы 11 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

«Жаңа қаулы бойынша сауда үйлері енді кешкі сағат 23.00-ге дейін жұмыс істеуге мүмкіндік алды. Мұндай орындар бұрын жұмысын аталған уақыттан бір сағат ерте аяқтайтын. Бұл жөнінде кәсіпкерлер мәселе көтерді. Оны жергілікті Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып талқылаған еді. Осылайша аталған мәселе оң шешімін тапты», - деді Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Оның айтуынша, енді кинотеатрлар жексенбі және мереке күндері де жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары