$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2020, 02:34
Жаңалықтар

Астанада 100-ге жуық тамақтану орны тексерілді

Объектілерге газ баллондарын пайдалану бойынша түсініктеме берілді

Астанада 100-ге жуық тамақтану орны тексерілді
Фото: astana.gov.kz

Елордада тұрмыстық баллондарды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.

Бүгінге дейін сарапшылар 100 қоғамдық тамақтану объектілерінде нұсқаулық өткізді. Алдын алу шаралары үшін БАҚ-пен бірге әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде газ баллондарын пайдалану бойынша түсініктеме берілді. Сондай-ақ, онлайн режимде кәсіпкерлік нысандарымен семинар өткізілді.

«Сонымен қатар, азаматтар бұзушылық фактісін және кәсіпкерлік субъектісінің (объектісінің) атауын көрсете отырып, жазбаша өтініш берген жағдайда, әкімшілік шараларды қолдана отырып, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру шаралары ұйымдастырылады», - деп атап өтті Тұрғын үй инспекциясында.

Еске сала кетейік, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылды. Оған ТЖД, ІІМ, тұрғын үй инспекциясы, әкімдік, өнеркәсіп қауіпсіздік департаментінің өкілдері кірді. Олар қоғамдық тамақтану орындарында өрт қауіпсіздігінің сақталуын тексереді. Осы бағыт бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары