Атырау облысы «сары» аймақта: Теңіз кенішінде тағы 42 адам коронавирус жұқтырды
Өткен тәулікте облыста 61 адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте ПТР-тест арқылы 61 адамнан коронавирус инфекциясы расталған.
Науқастардың 19-ы – Атырау қаласының тұрғындары, 42 науқас Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында тіркеліп отыр. Бір науқастан басқасының бәрінде ауру симптомсыз өтіп жатыр. Бүгінде Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда коронавирус жұқтырған 174 науқас ем алып жатыр.
Теңіз кен орны бойынша соңғы 2 аптада 161 жағдай тіркелді, оның вахтаға кіру кезінде - 8, вахтадан шығу кезінде - 31, скрининг - 45, жеке бас шағымымен медициналық көмекке жүгінгендер 3, ықтимал қарым қатынастағылар арасынан 74 жағдай. 2020 жылдың 8 сәуір - 7 желтоқсан аралығында 3310 жағдайы тіркелді.
Аталған жағдайлар «Инженеринг НТС», «Compass Kazakhstan LLP», «МСС», «Шлюмберже» , «CОСR», «Карат», «Nazar», «Ұрпақ», «КазЭмАй», «Сенімді құрылыс», «Артик», «Делхом», «Велесстрей», «ЕСС», «Далеро» ЖШС мекемелер бойынша тіркелген.
Барлық ошақтарда қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқшауланды және эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Атырау облысы 4 желтоқсанда коронавирустың таралу қаупі бойынша «сары» аймаққа өтті.