Алматы қаласының бас дәрігері тағайындалды
Қала әкімдігі бірқатар ауыс-түйіс жасады

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Нариман Табынбаев тағайындалды.
Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда туған. Алматы Мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының Орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.
1988 жылдан 1994 жыл аралығында эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы облыстық аурухананың бас дәрігерінің диагностикалық орталығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген.
1994 жылдан 1997 жыл аралығында Алматы облысының Орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды.
1997 жылдан 2002 жыл аралығында Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.
2008 жылдан 2014 жыл аралығында Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды
2014-2015 жылдар аралығында Астана қаласындағы «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2015 жылдан 2018 жыл аралығында Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.
2019 жылдан 2020 жыл аралығында Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.
Бүгінгі тағайындауға дейін ол Алматы қаласы Қалалық денсаулық басқармасы «Орталық қалалық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарды.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болып Ғани Майлыбаев тағайындалды.
Ғани Майлыбаев 1987 жылы 10 қыркүйекте туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін, РФ-сы Президентінің жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын тәмамадаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Бостандық ауданындағы филиалының статистикалық есеп секторының меңгерушісі — бас бухгалтері болып бастаған.
Түрлі жылдары Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалында заңгер-кеңесші, консультант болып жұмыс істеген.
2014-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.
2015 жылдан 2019 жыл аралығында Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдан 2020 жыл аралығында Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары болды.
Бүгінгі тағайындауға дейін ол Жамбыл облысы әкімдігінің Туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.