ШұғылБір тәулікте 1397 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус: Алматы «жасыл» аймаққа, Атырау облысы «сары» аймаққа өтті

Қазақстанда өткен тәулікте 819 адамнан коронавирус анықталды

Атырау қаласы, фото: zh-shugylasy.kz

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 4 желтоқсандағы мәліметі бойынша, Алматы қаласы коронавирустың таралу қаупі бойынша «жасыл» аймаққа, ал Атырау облысы «сары» аймаққа өтті.

«Қызыл аймақта»: Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары;

«Сары аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары;

«Жасыл аймақта» - Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстары, Алматы және Шымкент қалалары тұр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 819 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы, елімізде пандемия басталғалы ел бойынша 134 706 адам коронавирус жұқтырды. Өкінішке қарай, індеттен 2 мыңға жуық адам қайтыс болды.