$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2020, 14:26
Жаңалықтар

Елордада тау шаңғысы мен сноубордқа арналған жасанды төбешік ашылады

Құрылыстың жалпы ауданы 720 шаршы метрден асады

Елордада тау шаңғысы мен сноубордқа арналған жасанды төбешік ашылады
фото: astana.gov.kz

20 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ататүрік саябағында тау шаңғысы мен сноубордқа арналған жасанды төбешік ашылады. Құрылыстың жалпы ауданы 720 шаршы метрден асады. Ұзындығы – 40 м, ені – 18 м. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланды.

Елордалық Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкеннің айтуынша, саябақ көптеген пластик, металл және ағаш элементтерден жасалған.

«Бұл қызықты спорт түрі тұрғындар мен елорда қонақтарының қысқы демалысын түрлендіре түсетініне сенімдімін», - дейді ол.

Сноупарк шамдармен жарықтандырылып, экстремалды спорт түріне әуесқойлар үшін күндіз де, түнде де шаңғы тебуді де ұйымдастыру жоспарланып отыр.

«Қызықты жерлер тек жазда ғана емес, сонымен қатар қыс мезгілінде де болуы керек. Бұл міндетті урбанистер аудан әкімдіктерімен бірге жүзеге асырады. Мұндай орындарды бүкіл қала бойынша құру жоспарланып отыр», - деді Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы Нұрлан Уранхаев.

Ататүрік атындағы саябақта сноубордшылар мен шаңғышыларға арналған сноупаркпен бірге мұз айдыны, конькимен сырғанауға арналған мұз айдыны және аниматорлары бар Аяз ата үйі салынады. Жылы орындар мен кофеханалар да ұйымдастырылады.

Серіктес жаңалықтары