$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.12.2020, 15:23
Жаңалықтар

СҚО-да локдауынды алып тастау жоспарланып отыр

Аймақта жағымсыз статистика төмендеп келе жатыр 

СҚО-да локдауынды алып тастау жоспарланып отыр
Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында желтоқсан айының ортасынан локдаунды алып тастау жоспарлануда. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Қызылжар өңірінде коронавирус жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында бір айдан бері қатаң шектеу шаралары қолданылып келеді. Облыста аталған ауруға шалдыққан 7089 жағдай: оның ішінде ауру белгілері бар – 4226 және ауру белгілері жоқ – 2863 жағдай тіркелген. Олардың 64 пайызы емделіп шыққан. Өңір індет қаупі бойынша «қызыл аймақта» тұр.

«Коронавирус біздің өмір салтымызға, экономикаға айтарлықтай өзгеріс енгізді. Қатаң шектеу шаралары бір айдан бері қолданылып келеді. Шекара бекеттерінде карантиндік стационарлар  орналастырылды. ПТР-тест болмаса, елге кіруге тыйым салынған. Пойыздардың саны қысқарып, өңірдегі автобус маршруттары тоқтатылды. Облыс орталығында карантин енгізілді. Демалыс күндері «локдаун» режимі орнаған. Бұл шаралардың барлығы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдануда», - деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі жағымсыз статистика төмендеп келе жатқандығын, жағдайы ауыр науқастардың көп емес екенін тілге тиек етті.

«Біз бірінші толқыннан алған тәжірибені ескері отырып, дайындық шараларын күшейттік. Жасанды тыныс алу аппараттары мен қажетті медициналық техника сатып алынды. Жедел жәрдем қызметінің көлікпен қамтамасыз етілуі 76 пайыздан 100-ге жеткізілді. Жаңа аурухана салынғанын ерекше атап өткен жөн. Жағдайдың оңалып келе жатқандығын ескеріп, желтоқсан айының ортасына қарай «локдаунды» алып тастау жоспарлануда. Петропавлда демалыс және мереке күндері карантиндік шаралар жеңілдетіледі», - деді Ақсақалов. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары