ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1180 адам коронавирус жұқтырды

Әділет министрлігі Nur Otan жарғысына енген өзгерістерді тіркеді

Азаматтардың 20 мыңнан астам ұсынысы ескерілді
 

Фото: ашық дерек көздерден

Әділет министрлігі партияның кезектен тыс XX съезі барысында қабылданған Nur Otan жарғысындағы өзгерістерді тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Nur Otan-ның жарғылық құжатында партияішілік сайлау – праймериз өткізу туралы норма енгізілді.

«Съезд қаулысымен партия жарғысының 2.4-тармағы енді мынадай мазмұндағы тармақшамен толықтырылды: праймериз өткізу – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынуға үміткерлерді алдын ала партияішілік іріктеу», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2013 жылы қабылданған Саяси доктрина Nur Otan партиясының саяси платформасына өзгертілді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қарашада Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі өтіп, оның барысында «Өзгерістер жолы: әр адамға лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы қабылданды.

Съезд барысында Парламент Мәжілісі сайлауына 126 кандидаттан тұратын партиялық тізім бекітілді. Партия ішіндегі праймериз қорытындысы бойынша 77 адам, орталық партия квотасы бойынша 49 кандидат анықталды.

Жалпы республикалық ішкі партиялық сайлау форматында алғаш рет өткізілген Nur Otan праймеризіне 10 мыңнан астам азамат қатысты. Барлық деңгейдегі 216 мәслихатта Nur Otan-ның партиялық тізіміне 6253 адам енді.

Халық арасында кеңінен талқылаудың қорытындысы бойынша Nur Otan партиясының әр аудан, қала және өңір бойынша 216 сайлауалды бағдарламасы қабылданды. Азаматтардың 20 мыңнан астам ұсынысы ескерілді.