03.12.2020, 10:45
Жаңалықтар
Гахарман Дүйсенбаев Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
Бұл лауазымға ол 2015 жылы сайланған
Гахарман Базарбекұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Гахарман Дүйсенбаев 1964 жылы 31 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек өтілі:
- Қызылорда қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы кең экранды кинотеатрдың киномеханигі (1981-1985);
- Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотының жүргізушісі (1985-1986);
- Сот отырысының хатшысы, Қызылорда облыстық сотының аға консультанты (1986-1993);
- Қызылорда облысы Ленинск қаласы сотының судьясы (1993-1997);
- Қызылорда облыстық сотының судьясы (1997-2002);
- Қызылорда облысы Қармақшы аудандық сотының төрағасы (2002-2007);
- Қызылорда облысы Арал аудандық сотының төрағасы (2007-07.2012);
- Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотының төрағасы (02.07.2012-12.12.2013);
- Қызылорда облыстық сотының судьясы (12.12.2013-18.12.2015);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы (10.12.2015 ж. бастап).
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады