Кәсіпкерлер палатасы тек адал бизнестің қызметін қорғайды
Алматыда 67 нысанның қызметі тоқтатылды
Кәсіпкерлер палатасы тек адал бизнестің қызметін қорғайды. Санитарлық нормаларды бұзса, органдар кәсіпорынды жабуға дейін шаралар қабылдайды. Алматы ҰКП бизнесмендерге үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов қала кәсіпкерлерін санитарлық нормаларды сақтауға, шектеу шараларын бұзбауға шақырды. Алматыда күн сайын санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтау бойынша 32 мониторингтік топ жұмыс істейді.
«Мегаполистегі эпидемиялық жағдайды талдау қала тұрғындарының санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтамайтынын көрсетеді. Алматының бас санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптарды сақтамайтын жекелеген бизнес субъектілері бар екенін көріп отырмыз», - деді А.Қошмамбетов.
Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында хабарлағандай, мобильдік топтар 3400 нысанды аралап, 550-ден астам бұзушылықты анықтаған. 38 заңды тұлға мен 333 жеке тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты. 67 нысанның қызметі тоқтатылды.
«Атап өтетін жайт, заң бұзушылар - бұл күн сайын өз бұзушылықтарын қайталайтын адамдар. Қазір прокуратура органдары оларға қатысты іс - қимыл алгоритмін-олардың қызметі қалай тоқтатылатынын және оларға қандай санкциялар қолданылатынын әзірлеуде. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы заңдарды сақтайтын және белгіленген ережелер шеңберінде әрекет ететін адал бизнестің қызметін ғана қорғайтынын атап өткім келеді. Менің қолданыстағы санитарлық талаптарды сақтамайтын кәсіпкерлерге үндеуім-қазіргі уақытта ерекше күш-жігер жұмсау қажет. Егер сіз тәртіпті бұзсаңыз, тиісті органдар кәсіпорынды жабуға дейін заңмен белгіленген барлық шараларды қабылдайды. Сондықтан бизнес-қауымдастықты заңдарды сақтауға шақырамыз», - деді А.Қошмамбетов.