$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2020, 11:41
Жаңалықтар

Жемқорлық күдігіне ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетуге өтініш білдірді

Бұл шешімді Таубаевтың адвокаты Игорь Вранчев жариялады

Жемқорлық күдігіне ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетуге өтініш білдірді

Пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетуге өтініш білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бұл шешім туралы Таубаевтың адвокаты Игорь Вранчев жариялады.

«Мен шешім қабылдап, 22 қазанда мені Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметінен босату туралы Атырау облысының әкіміне өтініш жаздым. Бұл шешім қазір маған қатысты тергеу жүргізіліп жатқан қылмыстық іс бойынша өз кінәмді мойындауыма байланысты емес, керісінше, мен өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдегім келеді, өйткені тағылған айыпқа сай ештеңе жасаған жоқпын. Бұл шешімге тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде мұндай жауапты қызметті атқара алмайтыным себеп болды. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасарына жауапты жұмыс саласы сеніп тапсырылған. Алда ҚР Мәслихаттары мен Мәжілістерінің сайлауы да келе жатыр, осыған байланысты өз әріптестеріме және Атырау облысының әкіміне күдік тудырғым келмейді. Осыған байланысты және тек осы себепті ғана мен осындай шешім қабылдадым», - дейді Таубаев өз мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен құрылыс басқармасының бастығы ұсталды. Ол 182 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз: «Кінәсіз екенімді дәлелдеймін». Қамауға алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары үндеу жасады

Серіктес жаңалықтары