$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2020, 11:53
Жаңалықтар

Қазақстанға шет елдерден ПТР-анықтамасыз жолаушы тасымалдаған әуе компаниялары жауапқа тартылады

Өткен түні Қазақстанға халықаралық рейстермен 42 жолаушы ПТР-анықтамасыз келген

Қазақстанға шет елдерден ПТР-анықтамасыз жолаушы тасымалдаған әуе компаниялары жауапқа тартылады
Фото: ашық дереккөзден

26 қазанда Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына түзетулер енгізілді. Осы қаулыға сәйкес, ПТР-анықтамасы жоқ жолаушылар халықаралық рейстер орындайтын ұшақ борттарына жіберілмеуі тиіс.

Сондықтан 27 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен ұшып келетін жолаушылардың бәрінде ПТР-анықтама болуы міндетті.  

Алайда, ҚР Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың мәлімдеуінше, бүгін түнде Қазақстанға ұшып келген 42 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Анықтамасыз келген жолаушылар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында ПТР-тестен өту үшін екі күндік карантинге орналастырылды. Ал қаулыда белгіленген талаптарды орындамаған әуе компанияларына қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

Айта кету керек, 27 қазанға қараған түні Қазақстанға Египет, Түркия, Оңтүстік Корея елдерінен ұшып келген жолаушылардың 96%-ында ПТР анықтамасы болған.

Серіктес жаңалықтары